Жақында екінші перзентін босанған Мақпал Исабекова денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мақпал Исабекова денсаулығына байланысты жағымсыз хабарды Instagram-дағы Stories бөлімінде айтты. Айтуынша, қазір өзін жек көріп, тіпті айнаға да қарағысы келмейтінін жеткізді.
«Тағы бір шындығымды айтқым келеді, қазір өзіме өзім ұнамаймын. Қан қысымын реттейтін дәрілерді ішіп жүргеніме бір айдың жүзі болып қалды. Соның салдарынан үнемі ісініп тұрамын. Сол үшін де суретке түскім келмейді. Тіпті, айнаға да қарағым келмейді», - деп жазды әнші.