"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 13, 14 және 15 тамызында ел тұрғындары қандай ауа райына дайындалу керектігін айтты. Мамандар бұл күндері Қазақстандағы ауа райы Солтүстік Атлантикалық циклонның әсерінен қалыптасатынын баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын атап өтті.
"Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады. 13 тамызда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде",- деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.