$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандарды қайыршылық жасауға мәжбүрледі

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандарды қайыршылық жасауға мәжбүрледі

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қайыршылық жасауға мәжбүрледі. Қол арбаға танылғандарды 2 жыл бойы пайдаланып келген. Күдікті оларды Шымкент қаласына сату кезінде ұсталды. 35 жастағы тұрғын мүмкіндігі шектеулі жандарды 400 мың теңгеге бағалаған.

Олжас МАРИН, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

«Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.