$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда экоакция аясында 300 тонна қоқыс шығарылды

Ақтауда экоакция аясында 300 тонна қоқыс шығарылды

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жүздеген бизнес өкілі, мемлекеттік қызметкерлер, эко-еріктілер, полиция қызметкерлері, спортшылар мен қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Олар жағалаудағы қоқыстарды жинап, айналаны тап-тұйнақтай етті. Өңірдегі экологиялық шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Теңіз жағасында киіз үйлер тігіліп, акцияға қатысушылар ыстық шай мен астан ауыз тиді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Рушания ЕЛИЗАРОВА,  «КАСПИЙ» БАСКЕТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы кездері қаламызда жиі өтіп жатқан экоакцияны қолдаймын. Қаламыздың таза болуы әрбір тұрғынға байланысты деп есептеймін. Барлық тұрғындарды ауласын, жұмысының айналасын, демалыс орындарын, теңіз жағасын және қаланы таза ұстауға шақырамын.

Экоакцияға жалпы 3 мыңнан аса тұрғын қатысып, 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. 300 тонна қоқыс шығарылып, Каспий теңізінің түбі де тазартылды. Үш сүңгуір су түбінен 12 қап қоқыс шығарды.