$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қарағанды облысында «Таза орман» жобасы іске қосылды

12.08.2024ж. 20:00
470
Қарағанды облысында «Таза орман» жобасы іске қосылды

Қарағанды облысында «Таза орман» жобасының аясында саябақтар жаппай қоқыстан аршылып жатыр. Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын «Amanat» партиясының 3 мыңнан астам мүшесі қолдап, облыс аумағын тазартуға ат салысуда. Бүгін Шахтинск қаласынының белсенділері ең алдымен қаладағы саябақтар мен демалыс алаңдарының қоқысын жинады. Белсенділер қатарында партияның қалалық филиалының өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының мұшелері, депутаттар, жастар мен ерікті тұрғындар бар. Олар осылайша экологиялық сананы тәрбиелеуге шақырады. Айта кету керек, партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін облыс пен барлық аудан орталықтарында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жоспарланған.

Ғалымтай ҚАРЖАСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШАХТИНСК ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Партия бастауыш ұйымдары бәрі бірігіп әрқашан да қаламыздың көркеюіне, тазалығына үлкен ат салысып жатқан жағдайымыз бар. Бүкіл ел, әр үйдің УПРАВДОМ-дары, КСК-лары қосылып қаламызды таза ұстауға тырысып жатыр. Қаламыз жақсы болып көркейіп қалды өте».