Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты. Өткен айлармен салыстырғанда 21 процентке өскен. Әсіресе Алматы, Астана және Қарағанды облысында үй іздеп жүргендер көп. Бір ғана айдың ішінде 40 мың баспана сатылған. Оның 9 126 - жеке, 30 973-і - көпқабатты үй.
ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ:
Батыс Қазақстан облысын қоспағанда 2024 жылдың шілдесінде еліміздің барлық өңірлерінде транзакциялардың өсуі тіркелді. 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй операцияларының саны 24,5 пайызға артты.