$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 7 "жайлы мектеп" пайдалануға беріледі

12.08.2024ж. 20:00
757
Астанада 7 "жайлы мектеп" пайдалануға беріледі

Астана білім күні қарсаңында 7 "жайлы мектеп" пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Білім нысандардарын «Amanat» партиясының белсенділері мен қалалық мәслихат депутатары аралады. Жаңадан берілетін мектептер 2 мың оқушыға арналған.

Болысбек МҰХАММЕД, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап көріп жүрміз. Енді аталмыш мектепті жайлы мектепті біз бірінші Қыркүйекте ашылады деп жоспарлап отырмыз. Қазір дайындығын көрдік қолымызбен ұстадық 95-97% ға дайын. Барлық жабдықтар келген. Тек қана майда жұмыстары қалған екен. Бірінші қыркүйекте Алла нәсіп етсе беріледі деген сенімдеміз.

Эдуард ҚУАНЫШ, "ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" ЖОБАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы ауданының өзі қарапайым мектептерге қарағанда 20% ға үлкен болып келеді. Мұның ішінде спорт залдар, мұның ішінде бастауыш сыныптарға, үлкен сыныптарға бөлек орындар қамтылады. Және роботехника кластары, стемлобороториясы дейміз Осының бәрі біздің балаларымызға қолдануға бірінші қыркүйекте беріледі.

Сала мамандарының айтуынша бас қалада 22 жайлы мектеп салынуда. Қыркүйек айында жетеуі пайдалануға берілмек. Ал жыл соңына дейін 10 білім ұясының құрылысы аяқталады деп күтілуде.