$486.65 €524.46 ₽5.05
×

"Абайдың даналық сөздері ешқашан өзектілігін жоймайды", - кітапханшы

12.08.2024ж. 20:00
542
"Абайдың даналық сөздері ешқашан өзектілігін жоймайды", - кітапханшы

"Абай руханияттың алтын қазығы". Елордада осындай атаумен әдеби-сазды кеш өтті. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ұйымдастырған шарада оқырмандар Абай шығармаларын жатқа айтып, театрландырылған көрініс қойды. Жиынға 50-ге тарта адам қатысты. Гүлбадан Мәдебаева ақынның даналық сөздері ешқашан өзектілігін жоймайтынан сенімді.

Гүлбадан МӘДЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖЕЛІСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Негізі біз жыл сайын Абай оқуларын өткіземіз ғой. БІз байқаймыз, жыл өткен сайын көбейіп жатыр адамдар. Қызығушылық білдіріп жатқан оқырмандарымыз өте көп. Соның ішінде кітапханашылардың өздері де, бір жерде кездесе қалсақ, кітапханашылардың өздері де Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөздерінен кішкене үзінділерін оқып, сөздерін өмірінде пайдалануға мүмкіншілік береді. Қандай сөздері керемет. Қаншама жыл өтсе де, бүгін айтып жатқан сөздер сияқты.

Қалибек Қизатұлы Абай шығармаларының насихатталуына ерекше үлес қосуда. Себебі, ақынға арналған сөзжұмбақ жанрындағы 7 кітап жазған. 2014 жылы "Абай әлемі" атты еңбегі еліміздің рекордтар кітабына енген. Абайтанушы жазба әдебиетінің көшбасшысының беделін ешқашан төмендетуге болмайды дейді. Өйткені, Абайды аласартқанымыз, қазақты аласартқанымыз.

Қалибек АЛТЫБАЕВ, АБАЙТАНУШЫ:

Оның рухы бізден алыстаған сайын, оның асыл сөздері бізге жақындай беретініне мен кәміл сенемін. Айтайық, Абай жұмбақ адам. "Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла", - дейді ғой. Абай өзінің шығармаларында жұмбаққа қатты көңіл бөлген. 45 қара сөзінің екеуі жұмбаққа арналған. Сол сияқты Абай жұмбақ өлеңдерді көп жазған. Абайдың шығармаларын оқығанда құпия сырларын оқыған сайын жаңа қырынан көріне береді.

 Іс-шара барысында "Әлемдік ойдың алыбы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар Абай шығармашылығын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа Абайдың қадір-қасиеті мен бай мұрасын жеткіземіз дейді.

Гүлмира АБЫЛҒАЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Абайдың әндері шырқалғаны мен үшін, мен өзім өлекдерін жақсы көремін, бірге қосылып айтып отырдым. Мен ойлаймын Абайдың өлеңдерін балалардың санасына сіңіре берсек, бұл Абайдың ғана насхаттауға емес, тіл саясатына да көмек береді.

Жиын соңында шараға қатысып, белсенділік танытқандар мен кітапханаларда өткен "Абай оқулары" сайысының жеңімпаздары марапатталды.