$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Атырауда жастар күніне орай орай 10 күн бойы түрлі шаралар өтті

12.08.2024ж. 20:00
519
Атырауда жастар күніне орай орай 10 күн бойы түрлі шаралар өтті

Атырауда халықаралық жастар күні он күн бойы тойланды. Әр күн бірнеше қызықты һәм креативті шараға толы болды. «Кілең мықты» командалық ойыны, «Шабақтарды сақтайық» экологиялық акциясы, зияткерлер сайысы, отбасылық конкурстар, жас музыканттар байқауы, би, спорттық жарыстар, поэзия кеші, заңсыз есірткі жарнамасын жою, кітап, қолөнер жәрмеңкесіне 20 мыңнан астам жас қатысты. Онкүндік «Atyrau Jastar Fest» фестивалімен қорытындыланды.

Шара барысында ауыл жастарының бастамаларына арналған әлеуметтік жоба жеңімпаздарының есімі аталды. Ауылды көркейтуге бағытталған 45 жоба түскен. Соның 14-іне 1 миллион теңгеден берілді. Физика пәнінің мұғалімі Абай Қасымов Махамбет ауылында балалар алаңын салады.

Абай ҚАСЫМОВ, “БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТАЙЫҚ” ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

Осы ойын алаңын салу арқылы сәл де болса,ұяЛы телефоннан арылтып, біз оларға керемет Балалық шақ сыйлағымыз келеді. Әрі балалардың психологяилық , физикалық өзінің саулығына себепші боламыз деген сенімдемін. Жақсы идея болса, жастарды қолдайтын жобалар көп деп есептеймін.

Бүгінде облыста 207 мыңға тарта жас бар. Көпшілігі қоғамдық, волонтерлық өмірде белсенді. Мысалы, төтенше жағдай кезінде 8 мыңнан астам жас Жайық жағасын бекітуге атсалысты. Мұндай шаралар тың идеялы жастардың басын қосады,- дейді ұйымдастыушылар.

Гүлнұр СҮЙЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жастардың ортасын қалыптастыру, олардың қызығушылығына байланысты алаңдарымызды ұйымдастыру арқылы жастардың басын біріктіру. Оларды осындай ұйымшылдыққа шақыру. Өткен 2023 жылы бірінші рет жасаған болатыныз. Сол шаралар көрген жастар мына жылы көптеп қатысуда.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өнерпаздармен бірге жастар арасында кең танымал Jeltoksan, Adil, Dosekesh секілді әншілер өнер көрсетті.