$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Көші-қон қызметінің бұрынғы басшысына үкім шығарылды

AstanaTV
12.08.2024ж. 18:10
388
Көші-қон қызметінің бұрынғы басшысына үкім шығарылды

Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлмира Дөненбаева сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықов арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. 

"8 тамызда Семей қаласының № 2 сотымен Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.