Түркістан облысы Сайрам ауданының полицейлері алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арызданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған.
Күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетінін айтып, төрт бірдей тұрғынды алдап кеткен.
Онда жалған парақшасында жиһаз сатылып, жеткізетінін хабарлап, тұтынушыдан алдын-ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін сол күйі кері байланысқа шықпаған.
Жәбірленушілерге 1 200 000 теңге шығын келген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.