Алматыдағы екі қабатты дәмханада өрт шықты. Оқиға Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер дәмханадан үш газ баллонын алып шыққан.
Төтеншеліктер қызыл жалынды толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.