$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ипотекалық несие алуға көмектесемін деген: Астанада 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар күдікті әйел ұсталды

AstanaTV
12.08.2024ж. 23:00
533
Ипотекалық несие алуға көмектесемін деген: Астанада 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар күдікті әйел ұсталды

Астанада 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар деп айыпталған күдікті әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицейлер мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген желеумен 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар деген күдікке ілінген Астана тұрғынын анықтады.

Жәбірленушілер ешқандай келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударғаны анықталды. Күдікті әйел ипотекалық несие арқылы баспана алуға көмектесу үшін 2 миллион теңгеге жуық сома талап еткен.

Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті өз қылмысын мойындады. Алынған ақшаны әйел өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.