12 тамызда екі жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға Қызылордада болды.
ТЖМ көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ескерту жасады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!