$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Астана-Алматы» рейсінің шұғыл қонуына байланысты қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
2164
«Астана-Алматы» рейсінің шұғыл қонуына байланысты қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр

«Астана-Алматы» рейсінің шұғыл қонуына байланысты қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «Эйр Астана» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахманов хабарлады. Бүгін "Астана -Алматы" бағытындағы Боинг 757-700 ұшағының қозғалтқышы істен шығып, әуе кемесі шұғыл қонды деген болатын.  Ал, «Эйр Астана» компаниясының өкілі ұшқыш ұшақтың бір двигателін техникалық себептерге байланысты сөндірді,- дейді. Сондықтан әуе кемесі штаттық режимде әуежайға қонған. Бортта 69 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Барлығы дін аман.

Тілек Әбдірахманов, «Эйр Астана» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

Экипаж сол жақтағы двигатель қозғалтқышын техникалық себеп бойынша өшіргеннен кейін аман-есен штаттық режимде қонған. Біздің экипаж қауіпсіздіктің барлық ережелерін қолданған. Қазіргі сәтте тергеу жүргізіліп жатыр.