$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда қала тұрғыны 13 миллион теңге көлеміндегі көлік салығын төлемей, жалтарып жүр

13.08.2024ж. 20:00
376
Қызылжарда қала тұрғыны 13 миллион теңге көлеміндегі көлік салығын төлемей, жалтарып жүр

Қызылжарда қала тұрғыны 10 жылдан бері көлік салығын төлемей жүр. Қазір берешегі 13 миллион теңгеге жеткен. Мемлекеттік кіріс органдары оны сотқа беріп, қарызды өтеуді талап етіп отыр. Құзырлы органдар оның жеке шоттарына шектеу енгізіп, елден шығуға тыйым салған. Жалпы, бүгінде 7 мыңға жуық борышкер бар. Олардың қарыз көлемі 330 миллион теңгеден асады.

Сұңғат ҚОСПАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Егер борышкердің қарызы 1 АЕК-тен асса, оның ісі сот орындаушыларына жіберіледі. Салықты өндіріп алу үшін олардың мүлкіне тыйым салу, банктік шоттары бойынша шығыс операцияларына шектеу қою сынды шаралар қолданылады. Қарыз көлемі 40 АЕК-тен асқан азаматтарға республика аумағынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.