Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды polisia.kz.
Бүгін, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталады.
"Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді", - делінген хабарламада.