$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Түркияда жасөспірім жігіт пышақпен адамдарға шабуыл жасады

AstanaTV
14.08.2024ж. 07:41
214
Түркияда жасөспірім жігіт пышақпен адамдарға шабуыл жасады

 Түркияда жасөспірім пышақ және балтамен адамдарға шабуыл жасады, - деп жазды KAZINFОRM

Түркия полициясы Эскишехир қаласында адамдарға пышақ пен балтамен шабуыл жасаған 18 жастағы жігітті ұстады.

Оқиға Эскишехир Тепебашы мешітінің ауласында болған. Шабуыл салдарынан бес адам жараланып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер ауруханаға түскен екеуінің жағдайын ауыр деп бағалады.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа күдікті 18 жастағы К.Арда болып шықты. Қылмыс жасаған кезде ол бетперде мен көзілдірік киіп, бетін жасырған. Оның үстінен дулыға мен сауыт киген.

Қылмыскердің киімінде үшінші рейхтің оккультистері пайдаланған фашистік «қара күн» эмблемасы да болған. Сонымен қатар, шабуыл кезінде жас жігіт әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шыққан.

Кейбір басылымдар жас жігіттің PUBG компьютерлік ойынындағы кейіпкерлердің бірінің бейнесін көшіруге әрекеттенгенін, соның әсерінен қарулы шабуыл жасауды ұйғарды деп жазады.