$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

AstanaTV
14.08.2024ж. 10:02
311
Алматы-Өскемен автожолында үш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Алматы-Өскемен тас жолында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы 13 тамыздан 14-іне қараған түні болған. Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz автокөліктері 14 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 88 шақырымында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.