$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 200-ден аса жетім бала үй кезегінсіз қалған

AstanaTV
14.08.2024ж. 10:20
404
Астанада 200-ден аса жетім бала үй кезегінсіз қалған

Астанада 200-ден аса жетім бала үй кезегінсіз қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайтты Астана прокуратурасы анықтаған. Ведомство жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Уәкілетті орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.