$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда рөлді игере алмай қалған жүргізуші автосалонға соғып, аяғы ауыр әйел шошынып қалды

AstanaTV
14.08.2024ж. 20:00
154
Алматыда рөлді игере алмай қалған жүргізуші автосалонға соғып, аяғы ауыр әйел шошынып қалды

Алматыда Camry көлігін тізгіндеген жүргізуші рөлді басқара алмай, автосалонына соғылған. Абырой болғанда, машинада отырған жолаушылар зардап шекпеген. Бірақ авто орталықта жұмыс істейтін аяғы ауыр қызметкер қатты шошынып, жедел жәрдем шақырған. Қуанышқа орай, әйел мен құрсағындағы сәби дін аман. Ал, жазатайым жағдайдан келген шығынды сақтандыру компаниясы өтейді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек 12 тамыз күні Жетісу ауданына қарасты Сүйінбай даңғылының бойында орналасқан автосалонның ішінде орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір азаматша медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының толық мән-жайы анықталуда.