$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде 27 инвестор «Жасыл дәліз»жобасына қатысушы куәлігін алды

14.08.2024ж. 20:00
406
Ақтөбеде 27  инвестор «Жасыл дәліз»жобасына қатысушы куәлігін алды

Бүгін Ақтөбе облысы әкімі Асхат Шахаров инвесторлармен кездесіп, оларға «Жасыл дәліз» жобасына қатысушы куәлігін табыстады. Бұл жоба арқылы инвесторлар әкімшілік кедергілерден арылып, құжаттарын тез арада рәсімдеуге, бизнеске қажетті гранттарға ие болып, тіпті кейбір салық түрінен босатылуға мүмкіндік алады.

Асхан ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жоба аясында өз комментарийлар және әр сәтінде кедергілер болса бізге жеткізу. Тез арада және байланыс телефон арқылы прокуратаруа және әкімшіліктің атынан болады. Егер мәселе болып қалса, шұғыл хабарласып осы мәселені тез арада қолға алу.

«Жасыл дәлізге» 31 инвестициялық жоба енген. Яғни, жаңа өңдіріс орындарын ашып, өңірдегі өнеркәсіптердің дамытуына жағдай жасау көзделіп отыр.

Ерлан ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, «ЗЕРДЕ КЕРАМИКА АҚТӨБЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Зауыттың екінші бөлігін дамыту мәселесі шешілді. Ол үшін 50гектар жер учаскесі бөлініп, оған көгілдір отын тартуға техникалық құжаттар жасалды.Керамогранит өндірісі үшін бұл негізгі фактордың бірі.Жобаның көмегімен барлығы тез арада жүзеге асылды. Кәсібімізді алдағы уақытта дамыту мақсатында индустриаландыру картасына еңгізді.

Ақтөбелік кәсіпкерлерден бөлек бұл «Жасыл дәліз» жобасына қатысушы куәлігін АҚШ, Қытай, Сингапур, Түркия, Ресей елінің кәсіпкерлері де иеленді. Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысына 89 млрд инвестиция тартылған.