$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкент тұрғындары жалған доллар мен есірткі заттарын сатпақ болған

Шымкент тұрғындары жалған доллар мен есірткі заттарын сатпақ болған

Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді. Күдіктінің бірі жалған 10 000 АҚШ долларын сату барысында ұсталды. Сонымен қатар, агенттік қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілген. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 келі болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды. Одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды. Оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.