$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Солтүстік Корея араға бірнеше жыл салып туристер үшін шекарасын ашады

AstanaTV
15.08.2024ж. 16:32
278
Солтүстік Корея араға бірнеше жыл салып туристер үшін шекарасын ашады

Солтүстік Корея араға бірнеше жыл салып жалпы туризмін қайта жандандырмақ. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Koryo Tours және KTG Tours операторлары Солтүстік Кореядағы серіктестерінен биылғы желтоқсаннан бастап өз сапарларын қайта бастау жөнінде хабарлама алғанын мәлімдеді. Ең бірінші кезекте турлар Қытаймен шектесіп жатқан Самджионда, кейіннен елдің қалған бөлігінде өтеді деп жоспарланған.

Солтүстік Корея билігі шамамен бір жыл бұрын шекарадағы пандемиялық шектеулерді жеңілдете бастады. Осы жылдың басында Солтүстік Корея ресейлік туристерді елге кіргізді.