$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Жанқош Тұраров Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды

AstanaTV
15.08.2024ж. 18:45
251
Жанқош Тұраров Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (28-0, 28 КО) келесі жекпе-жегін 28 қыркүйек күні өткізеді. Екі бірдей чемпиондық атағын қорғайтын бокс кеші Алматыда өтеді.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бокс кешінде IBO және WBA Gold атағын сақтап қалу үшін жұдырықтасады. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Жаңқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізді. Алматыда өткен бокс кешінде жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді.