Қарағанды облысының Саран қаласында автокөлік жөндейтін орталық өртенді. Бірқабатты автосервис ғимараты шатырының ағаш қаптамалары, төбесі және техникалық қызмет көрсету станциясының ішіндегі 4 автокөлік пен 2 мотоцикл жанған. Бақытына орай ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан шығуы мүмкін, деген болжам бар.
Сергей АНИЩЕНКО, САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖБ БАСТЫҒЫ:
Автосервис ғимаратында жалпы алаңы 290 шаршы метрде шатырдың ағаш қаптамалары, төбесі және техникалық қызмет көрсету станциясының ішіндегі 4 автокөлік пен 2 мотоцикл өртенді. Жалынды сөндіруге 27 құтқарушы, 5 техника жұмылдырылды. Өртке қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған.