$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қалың бұршақ жауып, үйлердің шатырын тесіп кеткен

15.08.2024ж. 20:00
268
Қалың бұршақ жауып, үйлердің шатырын тесіп кеткен

“Жауған қалың бұршақ үйіміздің шатырын тесіп, төбеден су ағып жатыр”. Елорда іргесіндегі Үркер ықшам ауданының тұрғындары осылай деп налиды. Жөндеу жұмыстары үшін әр үйге кем дегенде 2 миллион теңге керек екен. Тұрғындар шығын есептеліп, тиісті көмек көрсетілсе дейді.

Асқар НИЯЗОВ, ТҰРҒЫН:

Крышаны тесіп, почти үйдің барлық жерінен су ақты ғой. Міне соның нәтижесін міне көріп тұрсыздар енді. Көмек бермесе енді өзіміз жаңағы кредитке кіреміз ғой, жаңа айтып жатыр ғой. Қазір ешкімде қаражат жоқ. Крышаның өзіне 2 млн 200 кетті. Әлі ішінде қанша жұмыс бар енді. 3 млн-нан асатын қаражат керек боп тұр енді, қайтеміз.

Бұл осы маңдағы Қараөткел ауылына да ортақ мәселе. Бір апта бұрынғы табиғи кесел бау-бақшаны қиратып, шатырларды тесіп, үйдің ішіне де зақым келтірген. Ешқандай көмек болмаған соң тұрғындар жөндеу жұмыстарын бастап кеткен.

Бижан СИРАҚБАЙ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаздай су құйдым, жаздай еңбек қой мынау. Енді өсіп шығып, неметеміз дегенде бытшытын шығарып кетті. Үйде, бәрі төбенің бәрі түсіп кеткен бірақ. Төбені әне шығарып тастағанбыз бірақ. Потолок, ана люстрадан түк те жоқ. Әлі свет жоқ міне бізде.

Қалалық төтенше жағдайдар департаменті бұл қауіпті құбылысқа жатпайтындығын, сол себепті төтенше жағдай ретінде тіркелмейтінін мәлімдеді.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ:

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға жатқызу критерийлері диаметрi 20 мм және одан көп бұршақ болып табылады. Бұл халықтың тіршілік әрекеті мен шаруашылық объектілерінің, құрылыстардың, көлік инфрақұрылымдардың жұмыс істеу шарттарының бұзылуына, қаза тапқан немесе зардап шеккен адамдардың болуына әкеп соқтырады. Өткен кезеңде мұндай фактілер тіркелген жоқ, осыған байланысты бұршақ түріндегі жауын-шашынды табиғи сипаттағы төтенше жағдай ретінде жіктеу мүмкін емес.

Жауаптылардың жауабы осындай. Тұрғындар залалды өздері өтеуден басқа амалдары болмай тұр.