$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Жыл басынан бері "AMANAT" партиясы "құқықтық көмек" жобасы аясында 1100-ге жуық республикалық қоғамдық қабылдау өткізді

15.08.2024ж. 20:00
168
Жыл басынан бері "AMANAT" партиясы "құқықтық көмек" жобасы аясында 1100-ге жуық республикалық қоғамдық қабылдау өткізді

Жыл басынан бері "AMANAT" партиясы "құқықтық көмек" жобасы аясында 1100-ге жуық республикалық қоғамдық қабылдау өткізді. Оған 5000-нан астам адам жүгінген. Бұл туралы Елордада өткен партиялық жобаның кезекті қабылдауында айтылды. Жиында "Балалардың құқығын қорғау" мәселесі көтерілді. Оған қатысуға 23 адам өтініш білдірген. Басым көпшілігі әлеуметтік, медициналық, тұрғын үй және еңбек дауы бойынша кеңес алуға келген.

Ермұхамбет ЖҰМАБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ РҚБ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл акция аясында тұрғындарға құқықтық кеңестер береміз. Жаңағы мәселенің соңына дейін апаруға құқықтық сүйемелдеу жүргіземіз. Және медиациялық көмек көрсетеміз, медиациялық келісімдер жасаймыз. Яғни, халыққа тегін құқықтық кеңестер беріп жатырмыз.

Қоғамдық қабылдау Астанада ғана емес, еліміздің барпық қаласында өткізілді. Онда тек балалардың құқықтарын қорғау мәселесімен шектеліп қалған жоқ. Шешімін таппаған мәселелері бар азаматтар заңгерлерге, жеке сот орындаушылары мен түрлі министрліктің өкілдеріне «осы жерде және дәл қазір» режимінде өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

Любовь ҚАБЫЛДИНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазір менің нақты диагнозымызды анықтай алмай жатыр. Бастапқыда суқараңғы дертімен ауырасың деп айтты. Бірақ ешқандай ем жасалмады. Кейіннен жекеменшік, тіпті шетелдік ауруханаларға қаралдым. Олар оптикалық нервтің артрофиясы диагнозын қойды. Ал біздің дәрігерлер мұны растамай жатыр. Сол себептен емім де тоқтап тұр. Мүгедектікті де ала алмай жүрмін. Мәселемнің шешілуі үшін бүгін қоғамдық қабылдауға келдім.