$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда екі көлік соғысып, жолаушы мен жүргізуші ауыр жарақат алды

AstanaTV
15.08.2024ж. 20:00
177
Алматыда екі көлік соғысып, жолаушы мен жүргізуші ауыр жарақат алды

Алматыда Желтоқсан даңғылында жол апаты болды. Skoda маркалы машинаның иесі солтүстікке қарай бұрылып жатқан сәтте, Kia автокөлігіне соғылған. Содан кейін сол маңдағы мейрамхана қоршауына кіріп кеткен. Оқиға кафе қызметкерлері жұмысқа келем дегенше орын алған екен. Жазатайым жағдайдың салдарынан көліктегі бала мен жүргізуші жарақаттанып, дереу ауруханаға жеткізіліпті.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш жол-көлік оқиғасы бүгін Алмалы ауданында орын алды. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері болған жол-көлік оқиғасының толық мән-жайын анықтауға кірісті.