$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

15.08.2024ж. 20:00
269
Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

Келесі жылы экономика 5,6 пайызға өсіп, инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді. Мұндай болжам Президенттің үкімет мүшелерімен өткізген кеңесінде айтылды.

Еліміздің экономикалық жағдайы талқыланған жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Бас қосуда Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды. Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.