$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Тыйым салынған жерде көлік жуғандарға 43 млн теңгеден астам айыппұл салынды

15.08.2024ж. 20:00
322
Тыйым салынған жерде көлік жуғандарға 43 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Шахмардан Оразбек көлік тізгіндегеніне үш жыл уақыт болған. Ол темір тұлпарын өзіне қызмет көрсететін авто жуу орталығына барып жуады. Оның айтуынша қазір азаматтар тыйым салынған жерде автомобильін тазартуға болмайтынын біледі, алайда заңды айналып өтуге тырысады дейді.

Шахмардан ОРАЗБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өз көлігімді арнайы самамойкаларға жуамын. Арнайы жуатын жерлерге барып жуамын. Айына шамамен 4-5 рет жуып тұрамын. Ал қарапайым мойкаларға апаратын болсам 5-6 мың тг. Кішкене қалтаға ұрады. Сол себепті өз қолыммен жуу арзанға түседі өзіме.

Барлығы Шахмардан секілді тәртіпке бағынбайды. Қалтасын жұқартқысы келмей үйдің ауласында жуатындар жетерлік екен. Жыл басынан бері бас қаланың өзінде 15 мыңға жуық дерек тіркелген. 43 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Жалпы тыйым салынған жерлерде көріп жатамыз. СТО да дворлардың қастарында жуып жатады. Тыйым салынған жерлерде болмайды, бірінші ауамызға, екінші экологиямызға зиянын тигізеді.
- Мен бірақ рет көрдім. Үйдің жанында, одьездің жанында бәрін шығарып жуып жатыр.

Асқар ПАПЫШЕВ, №26 УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

Машиналарын тазарту есебінде айналасын ластаған фактілер көрсетіліп отырады. Бұл жағдайларда патрульдік полиция қызметкерлері барып бірінші айтып түсіндіреміз. Жәнеде ҚР 505 бабы бойынша бірінші бөлігінде ескерту көрсетілген. 505 бап екінші тармағы бойынша 20АЕК айыппұл салынады.

Айыппұл арқаламас үшін көлікті арнайы белгіленген орындарға барып жуған абзал.