$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкенттіктер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы кезек туралы шағымдарын депутатқа айтты

Шымкенттіктер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы кезек туралы шағымдарын депутатқа айтты

Бүгін Мәжіліс депутаты, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нәжметдинұлы Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Мәжілісмен орталық жұмысымен танысып, ұжыммен көлік иелеріне қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады. Шымкенттіктер депутатқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы кезек туралы шағымдарын айтты. Жасыратыны жоқ, орталықтандырылған базаның тоқтап қалатын кезі аз емес дейді орталықтағылар.

Айта кетейік, мегаполистегі бұл мекеме күніне 300-ге жуық адамға қызметкөрсетеді. Биыл 35 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіп, 12 мыңға жуық жүргізуші куәлігін берген. Автодром жолдарымен жабдықталған орталықта азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандар тапсырады, сонымен қатар медициналық тексеруден өтіп, көлігін қайта тіркей алады. Мәжілісмен бірқатар кемшіліктерді де атап өтті.

Болатбек НӘЖМЕТДИНҰЛЫ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өздеріңіз көріп отырған автодром менің ойымша бұл сәйкес келмейді. Мына жерде тұрған КамАздың өзі симай тұр. КамАЗдың өзінің жағдайы, ақауы төмен, техникалық деңгейге сәйкес келмейді. Оны мен келіп визуально көзбен көргеннің өзінде кемшіліктерін анықтап отырмын.

Бұл мәселенің бәрін мен әрдайым мәжілісте көтеріп жүргенмін, біріншіден. Екіншіден, бүгінгі таңда мен көріп отырмын, мынандай өте өрескел, дөрекі жағдайлармен осындай істеп отырғанын. Бұл мәселені мен екі министрге де жеткізем.

Аманжол МӘДИ, « АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол кісінің сындарының бәрі орынды. Біз енді қазіргі таңда дасап жатқан автодромымыз стандартқа сай жұмыс жасап жатыр. Енді комиссионно қабылдайтын бойынша оны ІІМ қызметкерлері комиссия төрағасы, солар балл береді. Біз балл бермейміз, қызмет алушы өтті өтпеді деп біз балл бермейміз. Біз тек адамның келгеніне жауап береміз.

Болатбек Нәжметдинұлы дайын құжаттарды беру секторының, операциялық залдың, автодромның және басқа да бөлімдердің жұмысымен де танысты. Кездесу соңында депутат туындаған мәселелерді шешуге, оның ішінде арнаулы әлеуметтік халыққа қызмет көрсету орталықтарының балансында тұрған автодромдарды қаржыландыруға қатысты қажетті қолдау көрсетуге ықпал ететінін айтты.