$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шымкентте көлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті

AstanaTV
16.08.2024ж. 03:55
274
Шымкентте көлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті

Шымкент қаласының «Тараз» шағын ауданындағы Жәнібеков көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды OTYRAR.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жас қызды қағып кеткен.

Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтайды.

Тұрғындар бұл жерде жол-көлік оқиғаларының жиі болып тұратынына шағымдануда. Жол екі үлкен трассаны байланыстырады және бұл көшеде көп көліктер жоғары жылдамдықпен қозғалады.