Астанада құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құрылысшы құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жазатайым жағдай Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде болған.
Зардап шеккен жұмысшыны жедел жәрдем қызметі №2 қалалық ауруханаға жеткізді.
«Ер адамда мидың, өкпенің және сол бүйректің көгеруі, политравма, қабырғаның жабық сынуы, екі иықтың, омыртқаның әртүрлі бөліктерінің сынуы бар. Жағдайы ауыр», – деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.