$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Балабақшада 5 жасар бала ацетон ішіп қойды

AstanaTV
16.08.2024ж. 16:00
244
Балабақшада 5 жасар бала ацетон ішіп қойды

Екібастұз қаласында 5 жасар бала ацетон ішіп қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға 15 тамызда болған. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға жедел жәрдем қызметі шақырылды.

Дәрігерлер 5 жасар балаға химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті, - деп жазылған денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Қызметтік тексеріс барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды.

Осы сәтте бала бөтелкені алып, ондағы сұйықтықты ішіп үлгерген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.