$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Астанада үйлерге улы газды анықтайтын арнайы қондырғы орнатылды

Астанада үйлерге улы газды анықтайтын арнайы қондырғы орнатылды

Астанада былтыр күзден бері 181 өрт болған. 9 адам қаза тапты. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында елордалық төтеншеліктер пеш жағылатын тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бірінші кезекте оқыс оқиға жиі болатын аумақтарда рейд ұйымдастырылды. Мамандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындардың үйіне улы газды анықтайтын арнайы құрылғыларды тегін орнатты.

Әбіш БІРЖАНОВ,  АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Алматы ауданына келетін болсақ, 70 тұрғын үй секторында халықтың осал топтарына жататын азаматтар тұрады. Олар -көпбалалы, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер. Алдымен солардың арасында жұмыс басталды. Біз өз тарапымыздан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Алмагүл РАҚЫМЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Пеш жаққан кезде болады, сондай қорқыныштар болады. Түнде түтін шығып кете ма деп қорқамыз. Сонда да алаңдап жатамыз. Жылдап осы кісілер келіп бізге қала пешті жағатынымызды, тазалап ішін, беріп кетеді.