$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Алматы-Талғар тас жолы бойында жол апаты болып, екі адам ауруханаға жеткізілді

16.08.2024ж. 20:00
449
Алматы-Талғар тас жолы бойында жол апаты болып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Алматы-Талғар тас жолының бойында BMW маркалы жеңіл көлік жолдан шығып кеткен. Салдарынан тоқтап тұрған Chevrolet Cruze бен ауыл шаруашылығы техникасымен соқтығысып, жол жиегіндегі дүкенге барып соққан. Көліктегі әйел мен оның 10 жасар баласы ауруханаға жеткізілді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек Медеу ауданында орын алды. Қазіргі таңда болған жол-көлік оқиғасының мән жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтауда.