$486.65 €524.46 ₽5.05
×

ШҚО "Ақбауыр" кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды

16.08.2024ж. 20:00
296
ШҚО "Ақбауыр" кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында "Ақбауыр" аумағы қоқыстан тазартылды. Шараға «АМАNАТ» партиясының мүшелері, еріктілер, қамқорлық танытқан азаматтар атсалысты. Ақбауыр кешені аумағында қорғалатын әр дәуірдің ескерткіштері бар.

Ғалымдар мен археологтар бұл мекенді қазақстандық Стоунхендж деп атайды. АқБауырға жыл сайын жүздеген турист келеді.

Зейнолла САМАШЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Әсіресе жастар арасында тазалыққа дұрыс эстетикалық көзқарасты қалыптастыру қажет. Осының бәрі жүйелі сипатта болса, жастардың да, басқалардың да өз аумағына, үлкенді-кішілі Отанына деген дұрыс көзқарасы қалыптасады. Жалпы Отанға. Және осыған ұмтылуымыз керек.