Елордада “Jas Kenes Syilygy” жобасының жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушылар осылайша өңірлердегі жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырып, қолдау білдірмек. Сондай-ақ бұл жоба Мемлекет басшысының “Еңбек адамы” мәртебесін көтеру туралы тезисіне сәйкес келетінін айтты.
Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Қ. Тоқаев өзінің бір жастармен кездесуінде былай деп айтып еді: -Біз жастар саясатын жастар үшін емес, жастармен бірге жасайық. Біз әдетте үлкен азаматтар, басшылар жиналамыз да “жастарға не керек, жастарға мынау керек, жастарға мынаны жасау керек” деп талқылаймыз, бірақ жастардың өзінен сұрамаймыз. Жастар үшін не керек, не қажет екенін олар шешсін, және соны өздері кейін атсалысуға қатыссын деген ұстаныммен бастаған едік.
Алғаш рет өткізіліп отырған аталмыш шараға барлық өңірден 707 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 7 номинация бойынша 14 жас маман жеңімпаз атанды.
ҚҰСМАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, волонтерлер номинациясы бар. Әлеуметтік салаларда жұмыс істейтін адамдарға номинация бар.
Балжан ӘМІРӘЛІ, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ:
Оқушыларды жастар орталығымен, еріктілермен өте көп байланыстырам. Сондықтан осындай белсенді, активный жас болғаным үшін осылай мені жеңімпаз ретінде көрді деп ойлаймын. Өзімнің оқушыларымды экологиялық сауаттылыққа, сол туралы бағытқа көбірек баулимын да. Әрі ұтқан ақшамды сол жобаға көбірек салғым келеді негізі.