$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Премьер-Министрдің орынбасары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты

16.08.2024ж. 20:00
257
Премьер-Министрдің орынбасары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты

Батыс Қазақстан облысы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен 45 отбасыға баспана берілді. Тағы үш бөлмелі 90 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазір мұнда электр және жылыту жұмыстары толығымен біткен. 79 үйдің ішкі әрлеу жұмысы аяқталды. Бұл нысандарда 6 мердігер компания жұмыс істейді. Ал Өлеңті мен Жымпиты ауылында 68 үй салынуда. Өңірге арнайы барған Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ облыста 10 мыңға жуық отбасы 3,7 млрд теңге болатын 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем алған. Тағы 10 222 отбасына келген залал үшін 150 АЕК көлемінде өтемақы берілген.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыс бойынша 775 үй салынып жатыр. Оның 80 үйі берілді. Ол екі ауданда. Қалған үйлерді қарасақ, 630 үй 1 қыркүйек ішінде берілетін болады.