$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Ақтаудағы тамыз кеңесінде «Отпан» жобасы таныстырылды

Ақтаудағы тамыз кеңесінде «Отпан» жобасы таныстырылды

Ақтауда облыстық тамыз кеңесі өтті. Білім саласы мамандарының жиынына облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «АМАNАТ» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, академик Асқар Жұмаділдаев және облыстық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Конференцияда «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, IT-компания өкілдері заманауи технологиялары мен жабдықтарын көпшілікке паш етті. Сондай-ақ жиында аймақ басшысы мектептегі білім сапасын арттыруды көздейтін «Отпан» жобасын таныстырды. Бағдарламаны облыстық білім басқармасы мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры жүзеге асыруда. Жоба жетекшісінің айтуынша, мектептерді жабдықтау кезінде ең алдымен сапа мен қауіпсіздікке аса мән беріледі.

Жазира ҚАНАТҚЫЗЫ, «ОТПАН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жоба аясында біз бірінші кезекте 50 мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз. Одан кейін 4000-ға жуық педагогтарды методологиялық жаңа әдістемелік курстардан өткізетін боламыз. Әдістемелік тарапынан бізге НЗМ, Білім инновация лицейлері секілді еліміздегі үздік мектептердің тәжірибесі қолданылады.

Екі жылға созылатын жаңа бастамаға 60 мың оқушы мен 9 мыңға жуық мұғалім қатысады. Барлық шығын кәсіпкерлердің есебінен өтеледі. Сондай-ақ жыл сайынғы дәстүр бойынша кеңес барысында білім саласының мамандарына құрмет көрсетілді.

Жаңагүл ҮМБЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Орта білім беретін үздік ұйым техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі беретін үздік ұйым грант конкурстарының жеңімпаздары 800 еселенген төменгі жалақының мөлшерінде марапатталып, өздерінің гранттарын алатын болады.

Тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша облыстық білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқан қызметкерлер мен ұстаздар марапатталды.