$541.18 €636.05 ₽6.52
×

«Ақ жол» мен ҚХКП атынан сайланған Мәжіліс депутаттарының тізімі бекіді

AstanaTV
24.03.2016ж. 20:00
«Ақ жол» мен ҚХКП атынан сайланған Мәжіліс депутаттарының тізімі бекіді

Мәжіліске өтетін депутаттар тізімін ақжолдықтар мен коммунистер де жариялады. Екі партияға да төменгі палатадан жеті орыннан тиіп отыр.  Сонымен,  «Ақ жол» партиясынан: Кеңес Әбсатиров, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Дания Еспаева, Меруерт Қазбекова, Екатерина Никитинская және партия төрағасы Азат Перуашев өтті.

Ал коммунистер қатарынан: Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров, партия төрағасы Владислав Косарев, Тұрғын Сыздықов, Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Магеррам Магеррамов және Алматыдағы мектеп-лицей директоры Ирина Смирнова депутаттық мандатқа ие болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ