$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза болды

AstanaTV
17.08.2024ж. 13:38
434
Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза болды

Жамбыл облысындағы республикалық тас жолда жантүршігерлік көліп апаты салдарынан 6 адам мерт болды. 

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 17 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында республикалық маңызы бар Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 34-ші шақырымында, Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болған. Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранған. 

Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Оның екеуі — полиция қызметкері және төртеуі — Toyota Alfard көлігінің жолаушысы. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. 

Төтенше жағдайлар қызметі өртті сағат 1:45-те сөндірді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.