$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстанда мектепте ағылшын тілінде дәріс беретін 2700 мұғалім бар

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
2521
Қазақстанда мектепте ағылшын тілінде дәріс беретін 2700 мұғалім бар

Еліміздегі мектептерде ағылшын тілінде дәріс беретін 2700 мұғалім бар. Бұл санды Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі хабарлады. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, биыл арнайы курстан тағы 12 мың маман даярланбақ. Қазір республика көлемінде тек бірен-саран мектептерде физика мен химия пәні шет тілінде оқытылады. Ал 2019-ші жылы министрлік осы жобаны мемлекет көлемінде іске асыруды жоспарлап отыр. Алайда бұл жаңашылдық алдымен 2018 жылы ата-аналар мен ұстаздар арасында арнайы талқылаудан өтеді.

Министрдің айтуынша, жоба тек барлық тараптардың келісімі мен жазбаша өтінішінен кейін ғана жүзеге асырылмақ. Сағадиев сондай-ақ оқу сағатының қысқаруына байланысты биыл ұстаздардың жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін екендігін айтты. Бірақ бұл өзгеріс мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді,-деді министр.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:


Мұғалімдердің жалақысы төмен екендігі белгілі. Біз бұл орайда жұмыс істеп жатырмыз. Қаржылық жағын ұстаздармен, үкіметпен және мәжіліспен бірлесе талқылау керек. Біз 2017 жылғы бюджеттен бастап мұғалімдердің айлығын көтеру ойда бар.