Үлкен Алматы шатқалында 4 адамнан тұратын 17-21 жас аралығындағы топ Жапон жолы маршрутымен жүрген, бірақ кешке қарай адасып, Үлкен Алматы өзенінің жағасына келді.
Артқа қайтуға күші таусылып, ал өзеннен өтуге арнайы жабдығы болмағандықтан, жастар құтқарушыларды шақырды.
"ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары альпинисттік жабдықтардың көмегімен туристтерді өзеннен өткізіп, аман-есен қалаға жеткізді".
Төтенше жағдайлар министрлігі