Халықаралық
әйелдер күні қарсаңында Текелі қаласының қазыналы қарттары да сый-құрметтен құр
алақан қалмады. Алматы облысының «Жас
Отан» жастар қанаты мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері бірлесе
отырып, арнайы шара өткізді. Бұл игі бастамаға жергілікті кәсіпкерлер де өз
үлестерін қосты.
Дәурен
Талипов, кәсіпкер:
Қариялардың
жүзіндегі қуаныш пен мейірімді көргенде, шынымен қуанасың. Және осы бастаманы
қолға алғанымыздың дұрыстығына тағы бір мәрте көзіміз жетіп отыр.
Бахтияр
Жақсыгелдинов, жастар ресурстық орталығының директоры:
Бүгінгі
іс-шараның басты мақсаты - мына жердегі қарттар, апаларымыз бен аталарымызға
жылулық сезім білдіру. Жас бүлдіршіндерді, жастарды осы жерге алып келіп, өздерінің
шығармашылық концертін беріп, апаларымыздың бір күлкісін көру. Жылда осында
келуді дәстүрге айналдырсақ деген ойымыз бар.
Мерекелік
концерт барысында қарияларға жақсы таныс
әндер де шырқалды. Бұл қарттардың көңілін толқытып, жалынды жастық шақтарын еске
түсіргендей. Белсенді топтың барын салғанын, қарттар үйінің тұрғындары шын
ықыласпен тамашалап, оң бағасын берді.
Людмила
Лутошкина, қарттар үйінің ардагері:
Жарқындарым,
сендерге айтарым, бұл істің қолға алынғаны қуантады. 8 наурыз -көктем мезгілінің
алғашқы қарлығашы іспетті. Мұнда келген талантты жастарды көргенде жаның
жадырап, бір жасап қаласың. Сондықтан қуанышқа бөлегені үшін оларға алғысым
шексіз.