$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды

AstanaTV
18.08.2024ж. 18:16
359
Жамбыл облысында қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды polisia.kz.

Жамбылдықтар Меркі – Шу – Бурылбайтал республикалық маңызы бар тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.

Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.

Сондай-ақ қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.