$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Атом электр станциясын салу- тәуелсіз энергияға қол жеткізудің төте жолы",- сарапшы

19.08.2024ж. 20:00
152
"Атом электр станциясын салу- тәуелсіз энергияға қол жеткізудің төте жолы",- сарапшы

Баламалы энергия көзі ретінде күн мен желге ғана қарап отыра алмаймыз. Ол да кез келген сәтте тапшы болып қалуы мүмкін. Сондықтан атом электр станциясын салу маңызды. Бұл- атом энергиясы институты директорының орынбасары Ерболат Қоянбаевтың пікірі. Оның айтуынша, қазірдің өзінде елімізде электр тапшылығы сезіліп отыр. Ал атом электр станциясын салу тәуелсіз энергияға қол жеткізудің төте жолы дейді.

Ерболат ҚОЯНБАЕВ, «ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» РМК АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Атом энергетикасына тең келетін ешқандай энергетика көзі жоқ. Ертең көмір болсын, газ болсын ауаға көмір қышқыл газын шығарады ғой. Бәрібір көміртектің ізі қалады. Сондықтан көміртексіз энергетикаға көшетін болсақ, атом энергетикасы болу керек. Оны дамытпасақ, ертең энергетикасыз қалып қоямыз.