$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде 600 мыңға жуық отбасы 274 млрд теңгеден аса жәрдемақы алды

Елімізде 600 мыңға жуық отбасы 274 млрд теңгеден аса жәрдемақы алды

Елімізде жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 274 млрд теңгеден аса жәрдемақы алды. Мемлекеттік көмек 583 400 жанұяға берілген. Бұл жәрдемақыны табысына қарамастан 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар ала алады. Төлем мөлшері бала санына қарай беріледі.

Төрт баласы бар отбасыларға – 59 183 теңге тағайындалған. Ал 5 балалылар – 73 988 теңге алады. Алты балаға – 88 793 теңге болса, 7 балаға – 103 598 теңге. Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларда әр балаға 14 768 теңге төленеді.

Мамандардың айтуынша, қазір көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алушылар саны артып келеді.

Арайлым НҰРДЫҒАЛИЕВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

1 тамыздағы жағдайға сәйкес, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 583 мыңнан астам отбасыға тағайындалды. Бұл жәрдемақыны былтырғы жылғы осы сәйкес кезеңімен 2023 жылмен салыстырғанда 38 мыңнан астамға артып отырғаны немесе 7 пайызға артып отырғанын байқаймыз.

Биыл жәрдемақы алушылармен қатар оларға берілетін мемлекеттік көмектің де мөлшері 7 пайызға артты. Оған мемлекет тарапынан 474,8 млрд теңге қарастырылған.