18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға "тұрақтаған", деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметінше, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады.
"Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды".
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, ведомствоның ақпаратынша жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.